Хабарландыру

САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Тұлпар» вагон құрастыру зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - «Тұлпар» вагон құрастыру зауыты» ЖШС) 2019 жылдың 10 желтоқсанда сағат 10:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) мемлекеттік мүлік Реестрінің веб-порталында www.gosreestr.kz басталатын «Тұлпар» вагон құрастыру зауыты» ЖШС-ның мүлкін сату бойынша сауда-саттық өткізілуі туралы жариялайды.

Объектілерді сату «Тұлпар-Тальго» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысы шешімімен (2019 жылғы 1 ақпандағы хаттама) бекітілген «Тұлпар-Тальго» ЖШС-ның мүлкін сату қағидасына (бұдан әрі - Қағида) және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылдың 23 мамырдағы № 66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік меншік реестрінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Регламент).

 

Бағаны жоғарлату бойынша аукционға келесі Объекті қойылады:

Лоттың №

Атауы

Орналасқан жері

Теңгерім иесі

Ғимарат алаңы, ш.м.

Жер учаскесінің алаңы, га

Алғашқы баға, теңге

Бастапқы баға, теңге

Төменгі баға, теңге

Кепілдік жарна, теңге

1

Әкімшілік ғимараттың бір бөлігі

(10 қабат - 1, 2, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13 и 16)

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97 үй,

«Samal Towers» бизнес орталығы

«Тұлпар» вагон құрастыру зауыты» ЖШС

7 993,8

0,3055

9 063 193 640

27 189 580 920

6 218 599 000

75 750 000

 

Саудаға қатысушыларды реестрдің веб-порталында тіркеу хабарлама реестрдің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда басталғанға дейін екі сағат қалғанда аяқталады.

Кепілдік жарналар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның есепшотына төленеді: 050540004455, HSBKKZKX БЖК, ИИК KZ946017111000000330, КНП: 171,     Кбе: 16, «Народный банк Казахстана» АҚ. Төлемнің мақсаты: электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарнаның өлшеміне банктік қызмет атқарудың төлемақысы кірмейді).

Кепілдік жарна түрінде банктік кепілдік қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінішті қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынады.

сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілім веб-порталымен қалыптасады және сауда-саттықты өткізу күні сатушы мен сатып алушының ЭЦҚ-ны қолдануымен қол қойылады.

Сауда-саттықта жеңген қатысушымен сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманы қол қоюдан бас тартқан жағдайда сатушымен кепілдік жарна қайтарылмайды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасы аукцион нәтижелерін белгілейтін және жеңімпазбен сатушының сату бағасы бойынша объектіні сатыплау-сату шартына қол қою міндеттемелері туралы құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтар нәтижелерін шығарған күннен бастап он календарлық күннен кешіктірмей қол қояды.

Аукционды өткізу тәртібі туралы ережелермен, сауда-саттыққа қатысуды рәсімдеу тәртібімен, Жеңімпазды анықтау тәртібі бойынша «Тұлпар» вагон құрастыру зауыты» ЖШС-ның www.tulpar.com.kz және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың www.gosreestr.kz сайттарында жұртшылыққа қолжетімді орналасқан Қағидамен және Регламентпен танысуға болады.

Сауда-саттық туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 603-504 «Тұлпар-Тальго» ЖШС) және 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.