Өнім
Характеристики вагонов произведенные по технологии ОАО «Тверской вагоностроительный завод»
.jpg)
.jpg)
Характеристики вагонов по технологии «Talgo»

Преимущественные особенности вагонов по технологии «Talgo»
Қорабтың табиғи еңкею жүйесі
Маятниктік аспа қорабтың табиғи еңкеюін қамтамасыз етеді, жолаушылардың жайлылық деңгейін төмендетпей қисықтардың өту жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе абсолютті инерциялық болып табылады және қорабтың еңкеюін қамтамасыз ететін ішкі немесе сыртқы элементтерді қажет етпейді, сол себепті ол өте сенімді болып табылады және қызмет көрсетуге ешқандай шығынды талап етпейді.

Автоматты нұсқаулық жүйесі бар дербес ілулі дөңгелектер
- Дөңгелектердің теңселу эффектісін жою және қорабтың орнықтылығын арттыру
- Үйкеліс және сырғанау күштерінің бойлық құраушыларын жою арқылы поезд құрамының қисық ішіне енуін жетілдіру (Дөңгелек сырғанауы болмаған жағдайда)
- Дөңгелек пен теміржол рельсінің тозуы және энергия шашырауының төмендеуі
- Рельс жолындағы дөңгелектердің бағыттаушы қозғалысынан пайда болатын дөңгелектердің рельсті жанынан соғуының төмендеуі

Вагондардың біріктірілген типі
- Вагон мен теміржолдың өзара іс-қимыл нәтижесінде туындайтын күштердің азаюы
- Аэродинамикалық шығындардың азаюы
- Габариттердің тиімдірек пайдаланылуы
- Осьтің бағыттаушы жүйесін басқару қарапайымдылығы
- Вагондардағы діріл-акустикалық жайлылықтың жақсаруы
- Қауіпсіздік деңгейінің артуы
- Қызмет көрсетуге кететін шығындардың азаюы және сенімділіктің артуы
Поездың ені басқа жолға автоматты түрде ауысу жүйесі
Ені басқа жолға ауысу операциясы автоматты түрде қызметкерлердің көмегінсіз, поезд 10-15 км/сағ жылдамдықпен әр түрлі стандарттарға сай екі жолдың шекарасында орнатылған арнайы ауыстыру құрылғысы бойымен жүрген жағдайда жүзеге асады.

Қолжетімділік
Бүгінгі таңда Тұлпар- Тальго поездары бүкіл поезд құрамы бойынша төмен еден деңгейлі, яғни жолаушылардың отырғызуын жеңілдететін жылдам жүретін әлемдегі жалғыз поездар болып саналады. Бұл орнына дәстүрлі пойыз вагондарында орналастырылатын екі стандартты дөңгелектер жұбының орнына бір осьтің қолданылуының арқасында мүмкін.
Қорабтың жеңілдетілген конструкциясы
Вагондардың құрылысы поездың энергия тұтынуының азаюына әсерін тигізетін жеңіл салмақты қамтамасыз ететін алюминий қорытпаларынан жасалған. Өте жақсы химиялық сипаттамалар (техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтатын атмосфералық тоттануға тұрақтылық), жоғары электрөткізгіштік және жылу өткізгіштік.
Вагон типтері
Турист класының ұйықтайтын вагоны
5 купе – 18 орын (4 купе – 4 орындық, 1 купе 2 орындық)
Толық жабдықталған дәретхана + жуынатын кабина
Әрбір купеде жекеше реттегіші бар кондиционер мен жылудың автоматталған жүйесі
Дәліздегі ыстық және суық сумен қамтылған диспенсер
Әр купеде жайғастырылған сөрелер, жалпы үстел, розетка
Колонка дыбысын реттеуші
Жатын сөрелер журналдар мен ұсақ заттарға арналған қалташамен, дербес жарық көзімен, шалбар мен орамалға арналған ілгешектермен жабдықталған
АртқаБизнес-класты ұйықтайтын вагоны
Әр купеде шкафта орнатылған қолжуғышы бар, 6 орындық купе
Әр екі купе бөлетін есікпен жалғастырылған
Толық жабдықталған дәретхана
Әр купеде жекеше реттегіші бар кондиционер мен жылыту орталық автоматталған жүйесі
Әр купеде жайғастырылған сөрелер, жалпы үстел, розетка
Жатын сөрелер журналдар мен ұсақ заттарға арналған қалташамен, дербес жарық көзімен, шалбар мен орамалға арналған ілгешектермен жабдықталған
Колонка дыбысын реттеуші
АртқаБірінші класты ұйықтайтын вагоны
5 екі орындық купе
Әр купеде душ пен дәретхана бар
Әр купеде мультимедиялық жүйе
Әр купеде жекеше реттегіші бар кондиционер мен жылыту орталық автоматталған жүйесі
Әр купеде поезд қызметкерлерімен байланысу үшін түймешік, 2 жеке үстел, колонка дыбысын реттеуші және розетка бар
Жатын сөрелер журналдар мен ұсақ заттарға арналған қалташамен, дербес жарық көзімен, шалбар мен орамалға арналған ілгешектермен жабдықталған
Мүмкіншіліктері шектелген адамдарға арналған бірінші- класс купелі ұйықтайтын вагоны
Мүмкіншіліктері шектелген адамдарға арналған 2 екі орындық + 1 екі орындық купелер
Әр купеде душ пен дәретхана бар
Әр купеде мультимедиялық жүйе
Әр купеде жекеше реттегіші бар кондиционер мен жылыту орталық автоматталған жүйесі
Әр купеде поезд қызметкерлерімен байланысу үшін түймешік, 2 жеке үстел, колонка дыбысын реттеуші және розетка бар
Жатын сөрелер журналдар мен ұсақ заттарға арналған қалташамен, дербес жарық көзімен, шалбар мен орамалға арналған ілгешектермен жабдықталған
Вагонның екі жағынан мүгедектер арбашасы үшін орнатылған көтергіштер
Мүгедектер арбашасында ыңғайлы қозғалу мақсатында жасалған кеңейтілген өтпелер мен купелер
АртқаРесторан вагоны
Кеңейтілген жай
Салон аймағы әр жағынан 4 және 2 адамға арналған үстелдермен жабдықталған
Жолаушылардың орындарға оңай қол жеткізуі үшін қайырмалы отырғышы бар креслолармен жабдықталған
Буфетті күні бойы қолдануға болады
30 отыратын орын
АртқаКафетерий вагоны
Жолаушылардың үлкен санын орналастыратын кең жай
Ас үй 3 аймаққа бөлінген: тамақ пісіретін, тамақ сақтайтын және ыдыс-аяқ жуатын аймақ
Жарқыраған жарық түсіру
Мүгедектерге арналған қолжетімді бар
Поезд-қонақ үйлеріне арналған бар қондырғысы
АртқаТурист класының отыратын вагоны
Реттелетін креслолары бар 36 отыратын орын
Креслолардың орналасқан конфигурациясы 2+2
Толық жабдықталған дәретхана + жуынатын кабина
Әр купеде жекеше реттегіші бар кондиционер мен жылыту орталық автоматталған жүйесі
Вагонның нөмірін, жылдамдығын, сыртқы ауа температурасын және датаны көрсететін ішкі ақпараттық көрсеткіш тақтасы
18.5” кем емес мөлшеріндегі 2 теледидарлық экран
Арналарды таңдайтын мен дыбыс реттейтін түймегіштері бар аудио тыңдауға арналған дербес жалғағыштар
Артқа