TMX Нұр-Сұлтан қаласында жаңа буын теміржол вагондарын ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласында, «Тұлпар» вагон құрастыру зауытында Ресейдің теміржол көлігі үшін ең ірі жылжымалы құрам өндірушілерінің бірі «Трансмашхолдинг» АҚ (TMX) шығарған жаңа жолаушылар және арнайы вагондарының тұсаукесері өтті.

Жаңа буын вагондары «Қазақстан темір жолы» басшылығы мен мамандарына көрсетілді, кездесуге «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және TMX бас директоры Кирилл Липа қатысты.

 

 

Экспонаттар қатарына заманауи бір қабатты және қос қабатты локомотивті жүретін жолаушылар вагондары, соның ішінде екі вагон тіркемесі негізі бойынша құрастырылған вагондар кірді. «Иволга» қалалық типтегі электр пойызы, РА-3 рельс автобусы, жүк пен пошталық және вагондар, сондай-ақ TEM28 маневрлік локомотивы ұсынылды.



Тұсаукесер барысында Ресейде қолданыста жүрген 2019 жылдың жаңалықтары көрсетілді.Өндірушілері атап өткендей, компанияның басты артықшылықтары – жолаушыларға арналған ыңғайлылық пен қауіпсіздік. Сондықтан вагондар ең жаңа технологиялармен жабдықталған және жаңа шешімдер енгізілуде: бейнебақылау, ауаны дезинфекциялау, душ, сейф, балалар алаңы, сауда автоматтары, Wi-Fi және басқалары

 

Мұнда жолаушылардың ыңғайлылығы, жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін көп нәрсе қарастырылған: розеткалар, сейфтер, купенің жеке кілт карталары, бейнебақылау камералары, қос қабатты штабтық вагонда - балаларға арналған кеңістікті ұйымдастырудың шығармашылық идеясы. Халыққа, жолаушыларға жайлы жағдай жасаудың өте дұрыс тәсілдері », - деді таныстырылымда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі Көлік комитетінің Теміржол көлігі департаментінің бас сарапшысы Сатжан Өзбеков.

 

TMX көптеген жылдар бойы ҚТЖ және республиканың басқа да кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеп келе жатқандығын атап кеткен жөн. Осы жылдар ішінде Қазақстанға маневрлік тепловоздар, айнымалы электр пойыздары және жолаушылар локомотивтермен тартылатын вагондарды жеткізді. Трансмашхолдинг екі қазақстандық кәсіпорынның капиталына қатысады – ЭКЗ электровоз зауыты және ЛКЗ тепловоз зауыты - олардың өнімдері Орталық Азия мен Әзірбайжанда қолданылады.

 

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tmh-predstavil-jd-vagonyi-novogo-pokoleniya-v-nur-sultane-394072/