Компания туралы

2011 жылы Астанада ТМД-да баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» жоғары жылдамдықты жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт салынды. Зауыттың құрылысы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы мен испандық «Patentes Talgo» серіктестігінің көмегімен жүзеге асырылды. Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен үдемелі инновациялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылды.

Жобалық қуаты: жылына 150 вагон.

Жұмыс орындарының саны: 230 адам.

Жер телімі: 22 га.

Тұрғын емес үй-жайдың ауданы: 32 мың м2.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап зауыт Patentes Talgo компаниясының (Испания Корольдігі) технологиясын қолдана отырып, жоғары жылдамдықты жолаушылар вагондарын шығарады.

2012-2015 жж F-061 (щанақ ені 2960 мм) жобасы бойынша 436 вагон (16 пойыз) шығарылды.

2015-2017 жж F-065 (шанақ ені 3200 мм) жобасы бойынша 178 вагон (6 пойыз) шығарылды.

2019 жылдың маусым айынан бастап «Тверь Тасымалдау жұмыстары» ААҚ (Ресей Федерациясы) технологиясын қолдана отырып, вагон шығарады.

2019…

Толығырақ